Жаңалықтар

«Қайрат» футзалшылары жазаланды

«Қайрат» футзалшылары жазаланды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 11.06.2024 18:35 694

2024 жылдың 10 маусымында Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, Алматының «Қайрат» клубының ойыншыларының әрекетіне байланысты шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Игита мен өзге футзалшылар клуб автобусына жеткенге дейін «Ақтөбе» мен «Астана» командаларының туларын аяққа таптаған болатын. Кейіннен бұл әрекеті үшін Игита кешірім сұрады.

Футзалшылары қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» клубына 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл айыппұлды клуб 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеуі қажет. Сонымен қатар «Қайрат» АФК бас директоры А.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілді.

Бұдан бөлек «Қайрат» АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелді. Ал нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарлауы қажет.

37 жастағы Игита Қазақстанда 2009 жылдан бері, «Қайрат» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетеді. Алматы клубының сапында ол екі рет Чемпиондар лигасында топ жарды (2013, 2015) және бес рет әлемнің үздік қақпасышы атанды (2015, 2016, 2018, 2019 және 2020).

2013 жылы Игита Қазақстан төлқұжатын алды.

Қыркүйекте ол ұлттық құрама сапында әлем чемпионатына қатысады. Қазақстанның қарсыластары: Испания, Ливия және Новая Зеландия.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға