Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев түрмеде енді екі жылға аз отырады

Қайрат Боранбаев түрмеде енді екі жылға аз отырады
Фото: Қайрат Боранбаев / Mcdonalds.kz 15.09.2023 17:09 2168

Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот процессуалдық келісім жасаған Боранбаевтың үкім мерзімін 8 жылдан 6 жылға қысқартты.

Астана қаласының прокуратурасы Қайрат Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп (ҚК 189-бабының 4-бөлігі) және оларды заңдастыруға (ҚК 218-бабының 3-бөлігі) қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасаған болатын.

Заң бойынша мұндай келісімді жасаудың міндетті шарттары сотталушылардың ерікті түрде ерік білдіруі, олардың тағылған айыппен келісуі, дәлелдемелерге дау келтірмеуі, залалды мойындауы және жәбірленушінің келісімі болып табылады.

Сотталушылар кінәларын толық мойындауын және 14,5 млрд теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.

Оның шарттары бойынша сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Қ. Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып,  үшеуіде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға