Жаңалықтар

Қауіпсіздік кеңесінде қаралатын мәселелер белгілі болды

Қауіпсіздік кеңесінде қаралатын мәселелер белгілі болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.06.2023 09:20 624

Мемлекет басшысы Ресейдегі әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты 24 маусымда күні бойы барлық мүдделі ведомство басшыларымен шұғыл байланыста болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президент Қауіпсіздік кеңесінің таңертең өтетін кезектен тыс отырысында өзі берген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде осы ведомстволардың есебін тыңдап, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайтынын мәлімдеді. 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізетіні туралы ақпарат жария болған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға