Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті

Фото: Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД
15.12.2024 03:34
524
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 14 желтоқсан күні Алматы — Өскемен тасжолының 938-шақырымында болған. Желдің қатты екпінінен Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті.
Оқиға орнына дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаның басты себебі — қолайсыз ауа райы. Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады!,-делінген облыстық ПД мәліметінде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті