Жаңалықтар

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 09.04.2025 13:20 3709

Бірнеше күн бұрын белгілі әнші Қарақат Әбілдина Астанада өз туған күнін дүркіретіп атап өткен еді. Сол кеште Айгүл Иманбаеваның қонақтардың арасынан қарасы көрінбеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айгүл Иманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өмірімдегі мен үшін өте қымбат, қатты құрметтейтін жанды ренжітіп алдым. Бүгін кешірім сұрауға және құттықтауға арнайы келдім. Ол жан ешкімге ренжи алмайтын, бәріне болса екен деп тілейтін, жүрегі кең, жаны дархан, айналасына нұрын шашып жүреді, - деді ол.

Әнші Қарақатты құттықтауға арнайы бір құшақ гүлдерімен келген.

Сені күттім. Қатты ренжімесем де, ренжігенім рас. Бірақ бұл жанға ренжи де алмайды екенмін. Ықыласыңа рақмет, Айгөлек! Менің ең сүйікті гүлдерімді әкеліпсің, - деп өнердегі әріптесіне алғысын білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға