Жаңалықтар

"Қателік, несін жасырамыз". Саят Медеуов Төреғали Төреәліге қатысты ашығын айтты

"Қателік, несін жасырамыз". Саят Медеуов Төреғали Төреәліге қатысты ашығын айтты
Фото: instagram.com/toregalitoreali / instagram.com/sm_medeuov 23.06.2023 10:30 11056

Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізген әнші Төреғали Төреәліге қатысты әріптестерінің де пікірі қақ жарылды. Біреуі қолдаса, енді бірі заң бұзса тиісті жазасын алғаны дұрыс деп санайды. Олардың қатарында қоңыр үнімен көпшілікке танымал Саят Медеуов те бар, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өз пікірін білдірді.

Өнерде жүргеннен кейін кім болсаң да елге тәрбие беретін жолмен жүру керек. Өнер адамысың ба, дұрыс жүру қажет. Майда-шүйде қателіктер бола жатар. Бір жерде жаман сөз айтып қоюың мүмкін. Болмаса, ішіп отырған немесе қыдырып жүрген жерде видеоға түсіп қалуыңа болады. Оған кешіріммен қарауға болады. Мен оған келісемін. Бірақ енді бұл жерде сәл қателік болды ғой, оның несін жасырамыз? Оны жақтап жатқан өнер адамдары да бар. Меніңше, әр нәрсеге байыппен қарауымыз керек, - дейді Саят Медеуов.

Ол заң бұзса, баға беретін мамандары бар соларға сенім артайық деді. Солар шешіп, солар осыған жауап беруі керек деп ойлаймын. "Ойбай, кешіріммен қарау керек" деп айтудан аулақпын. Өнерде жүргеннен кейін елге үлгі болатындай дұрыс жолмен жүру керек. Қайсымыз да жүруіміз қажет деп отыр.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Алматыда Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алынды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға