Жаңалықтар

«Қателесуге болмайды». Ақмарал Әлназарова министрліктегі қызметін қалай атқарады?

«Қателесуге болмайды». Ақмарал Әлназарова министрліктегі қызметін қалай атқарады?
Фото: gov.kz 08.02.2024 11:38 1119

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктегі жұмысын неден бастайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең әуелі жұмысымызды президенттің тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекет басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Оның нақты тапсырмасы – МӘМС жүйесі. Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесі нақты нәтиже көрсетіп отырған жоқ. Осыған байланысты МӘМС жүйесіне сыни көзқараспен қарап, негізі жұмысын өзгерту мәселесін алдымызға қойды, - деді ол.

Министрдің айтуынша, ол күні кеше жұмысын бастап кеткен.

Бірақ тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі халықпен жұмыс істейтін үлкен жүйе. Сондықтан мұнда асығыс жасалған шешімдер қабылданбау керек деп білемін. Оған уақыт керек, тиісті сарапшыларды сырттан да тартып жатырмыз. Себебі бүгінде қателесуге болмайды, - деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, бүгін Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға