Қатар-2022: Германия турнирден шығып қалды
Плей-оффқа Жапония мен Испания құрамалары өткен
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы турнирден шығып қалды, деп хабарлайды El.kz.
Е тобының қорытынды футбол матчтары аяқталды. Бұл төрттіктен плей-оффқа Жапония мен Испания өтті. Ал Германия мен Коста-Рика командалары үйлеріне қайтады.
Германия Коста-Риканы 4:2 есебімен жеңгенімен, ұпай саны бойынша төрттіктің ішінде Испанияға жол беріп, үшінші орынға тұрақтаған. Осылайша, чемпионатты аяқтауға мәжбүр. Е тобында Испанияны жеңген Жапония алға шықты. Олар енді Хорватия командасымен бақ сынасады. Испаниялықтар Марокко құрамасымен ойнайды деп күтілуде.
Бұл топта Испанияны тізе бүктірген Жапония бірінші орын алып, 5 желтоқсанда Хорватиямен ойнайды. Ал плей-офқа екінші орынмен шыққан Испания 6 желтоқсан күні Мароккомен кездеседі.
