Қатар-2022: Франция Англияны жеңіп, жартылай финалға өтті
Құрамалар арасындағы ойын тартысты өтті
Фото: Twitter.com/FIFAWorldCup
Фото: Twitter.com/FIFAWorldCup
11.12.2022 03:05
1088
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігінде Франция құрамасы Англияны жеңді, деп хабарлайды El.kz.
Тартысты доданы тамашалауға жанкүйерлер Эль-Байт стадионына жиналды.
Ойын есебін 17-ші минутта Орельен Чуамени ашты. Ал 54-ші минутта пенальтимен Харри Кейн есеп теңестірді.
Алайда негізгі уақыт аяқталуға 12 минут қалғанда Оливье Жиру гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Командалар арасындағы бәсеке 2:1 есебімен аяқталды.
Сонымен, чемпионаттың жартылай финалға жолдама алған командалары белгілі болды.
13 желтоқсан күні Аргентина Хорватиямен кездессе, келесі күні Франция Марокко құрамасымен ойнайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Алтын домбыра-2022» айтысының жүлдегерлері анықталды