Қатар-2022: Бүгін ширек финалға өтетін екі команда анықталады
1/4 финалға алты мемлекеттің құрамалары өтті
Фото: Getty Image
Фото: Getty Image
06.12.2022 15:07
1152
Бүгін Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалының соңғы екі матчы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші болып турнир фавориттері Испания құрамасы Мароккомен ойнайды. Кездесу Баку уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Ойынды ФИФА-ның аргентиналық төрешісі Фернандо Рапаллини төрелік етеді.
Осы ойыннан кейін Португалия мен Швейцария құрамалары кездеседі. Матч Баку уақыты бойынша 23:00-де басталады. Мексикадан келген Сесар Артуро Рамос бас төреші болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Нидерланды, Аргентина, Франция, Англия, Хорватия және Бразилия құрамалары өтті.
Бөлісу:
