Қатар-2022: Бразилиялықтар Оңтүстік Кореядан басым түсті
Осылайша, әлем біріншілігінің ширек финалына өтті
Фото: Twitter/FIFA World Cup
Фото: Twitter/FIFA World Cup
06.12.2022 04:01
1730
Қатардағы футболдан әлем чемпионатында Бразилия Оңтүстік Кореяны айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды El.kz.
Тартысты дода 4:1 есебімен аяқталды.
Командалар арасындағы ойын Дохадағы «Стэдиум 974» стадионында өтті.
Барлық төрт голды бразилиялықтар бірінші таймда соғып үлгерді. 7-ші минутта Винисиус есеп ашса, 11-ші минутта Неймар пенальтиден командасына ұпай әперді. 29-шы минутта Ришарлисон қарсыластың қақпасына тағы бір гол салды. 36-шы минутта Пакета төртінші ұпайды сыйлады.
Ал кореялықтар тарапынан 76-шы минутта Пэк Сын Хо бір голдың авторы атанды.
Бразилия құрамасы ширек финалда Хорватия командасымен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысында жаңа әлеуметтік жоба басталды