Жаңалықтар

«Қасымдағылар келіспей тұр». Мадина Сәдуақасова әйелдерді ойландырып қойды

«Қасымдағылар келіспей тұр». Мадина Сәдуақасова әйелдерді ойландырып қойды
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina 16.02.2024 14:34 6703

Әнші Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында әйелдер қауымына сұрақ қойып, маңызды мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйел адамның өзіне сенімділігі мен ішіндегі оты тек әйелдің өзіне ғана байланысты десем, қасымдағылар келіспей тұр. Күйеуі, бастығы, енесі ….тағы басқа. Тіпті, тағдыр туралы айта бастады. Әйел адам өз тағдырын өзі құрады! Ал айтыңыздаршы, кімдікі дұрыс?, - деп жазды әнші.

Айта кетейік, өнер иесі әлеуметтік желіде бала кезінде, оқушы кезіндегі және қазіргі суреттерін салып, оқырмандарынан қаншалықты өзгергенін сұраған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға