Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті
Фото: Ақорда 24.11.2022 19:11 2167

Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер
 Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдағы маңызды міндеттерін атқаруда табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, еркіндік және бақ-береке тіледі.

– Қазақстан халқының игілігі үшін қолға алған Сіздің реформаларыңыз бен жаңғыру үдерісі жаңа өкілеттік мерзіміңізде жалғасады деп сенемін. Бұл ретте Германия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді, – деп жазылған жеделхатта.

Италия Президенті Серджио Маттарелла өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа толағай табыс тілеп, Қазақстан мен Италияны екіжақты тығыз қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

– Италия заң үстемдігін нығайтуға және елді жаңғыртуға бағытталған маңызды реформалардың жүзеге асырылу барысын бақылап отыр. Қазақстан және Орталық Азия өңірі үшін тұрақтылық пен дамудың жаршысы болатын бұл үдеріс Еуропалық Одақпен қатынастардың нығаюына байланысты да зор мәнге ие, – деп жазды Серджио Маттарелла.

Сербия Президенті Александр Вучич өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген үлкен сенім елдің даму және өркендеу бағытын жалғастыруға тың серпін беретінін атап өткен.

– Сербия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді. Сондықтан Сіз жаңа президенттік лауазымда біздің елге сапармен келесіз деген үміттемін. Сіздің сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды және Сербия мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосар еді, – деп жазды Александр Вучич.

Чехия Президенті Милош Земан өзінің құттықтау жеделхатында сайлау Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі берік бағдарын растады және азаматтардың оған сенімі жоғары екенін көрсетті деп атап өтті.

– Мен Сізді осы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Чехия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастың жылдар бойы достық сипатқа негізделгеніне қуаныштымын. Екіжақты ынтымақтастық тек экономикалық салада ғана емес, басқа да көптеген бағытта табысты дамып келеді, – деп жазды Чехия Президенті.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтау хатында бауырлас халықтың дауыс беруге белсенді қатысуы және Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы айқын жеңісі оның барлық салаларда жүргізіп жатқан реформаларына, ауқымды әрі игі жұмысына, сондай-ақ биік мақсаттарға жетуге бағытталған «Әділетті Қазақстан – барлығы және әрқайсысы үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасына деген халықтың зор сенімін тағы да растағанын атап өткен.

– Сіздің осы жоғары лауазымдағы қызметіңіз ел экономикасының қарқынды дамуына және қоғамды жаңғыртуға, халықтың барынша жайлы тұрмысы мен кепілдендірілген әлеуметтік қорғау ісін қамтамасыз етуге, достас Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Соңғы жылдары елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне жеткен көпқырлы қатынастарды мүлде жаңа сатыға көтеруге мүкіндігіміз жететіні сөзсіз, – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы айқын жеңісі қазақ халқының оған деген сенімі жоғары екенін растады және Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытын қолдағанын анық көрсетті деп атап өткен.

– Сіздің басшылығыңызбен бауырлас Қазақстан өз даму жолында үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін. Сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар мен стратегиялық серіктестік өзара түсіністік, достық және тату көршілік сипатында одан әрі дами беретініне сенім білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевтың түрікмен-қазақ қатынастарын дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген. Ол бауырлас екі халықтың игілігі үшін екіжақты байланыстардың барлық бағытын одан әрі нығайту жөніндегі сындарлы диалог пен бірлескен жұмыстың жалғасатынына сенім білдірді.

– Қазақстан халқының таңдауы еліңізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды отандастарыңыз терең түсініп, қолдағанын көрсетеді, – делінген жеделхатта.

Түрікменстан Милли Генгеші Халк Мәслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов өз құттықтауында Қазақстан Президентінің екіжақты қатынастарды нығайтуға сіңірген еңбегін атап өтіп, екі ел арасындағы серіктестіктің дәйекті түрде дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігердің маңызды екеніне тоқталды.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев дауыс беру қорытындысы халықтың Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген зор сенімінің айқын дәлелі және бауырлас Қазақстанды жан-жақты дамыту жолындағы оның қызметіне берілген жоғары баға екенін жеткізген.

– Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі дамыту, өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті тереңдету жолындағы күш-жігерімізді алдағы уақытта да табысты жалғастыратынымызға сенімдімін, – деп жазды Ильхам Әлиев.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко екі ел арасында қалыптасқан ашық әрі сенімді қатынастарды жоғары бағалайды. Сондай-ақ Беларусь Қазақстанның жақын досы және сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді.

– Сіздің қайта сайлануыңыз елді жаңғыртуға және оның халықаралық беделін арттыруға бағытталған тиімді реформалар жүргізуді көздейтін  стратегиялық бағдарыңызды бүкіл халық қолдайтынын көрсетті, – деп жазылған жеделхатта.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдағы маңызды міндеттерін атқаруда табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік, еркіндік және бақ-береке тіледі.

– Қазақстан халқының игілігі үшін қолға алған Сіздің реформаларыңыз бен жаңғыру үдерісі жаңа өкілеттік мерзіміңізде жалғасады деп сенемін. Бұл ретте Германия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді, – деп жазылған жеделхатта.

Италия Президенті Серджио Маттарелла өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа толағай табыс тілеп, Қазақстан мен      Италияны екіжақты тығыз қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

– Италия заң үстемдігін нығайтуға және елді жаңғыртуға бағытталған маңызды реформалардың жүзеге асырылу барысын бақылап отыр. Қазақстан және Орталық Азия өңірі үшін тұрақтылық пен дамудың жаршысы болатын бұл үдеріс Еуропалық Одақпен қатынастардың нығаюына байланысты да зор мәнге ие, – деп жазды Серджио Маттарелла.

Сербия Президенті Александр Вучич өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілген үлкен сенім елдің даму және өркендеу бағытын жалғастыруға тың серпін беретінін атап өткен.

– Сербия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді. Сондықтан Сіз жаңа президенттік лауазымда біздің елге сапармен келесіз деген үміттемін. Сіздің сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды және Сербия мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосар еді, – деп жазды Александр Вучич.

Чехия Президенті Милош Земан өзінің құттықтау жеделхатында сайлау Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі берік бағдарын растады және азаматтардың оған сенімі жоғары екенін көрсетті деп атап өтті.

– Мен Сізді осы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Чехия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастың жылдар бойы достық сипатқа негізделгеніне қуаныштымын. Екіжақты ынтымақтастық тек экономикалық салада ғана емес, басқа да көптеген бағытта табысты дамып келеді, – деп жазды Чехия Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Молдова Президенті Майя Санду, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, БАӘ вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Татарстан Президенті Рустам Минниханов, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері министрі Мансур бен Заид Әл Нахаян, Арменияның бұрынғы Президенті Армен Саркисян, МГИМО ректоры Анатолий Торкунов, Еуро-Азиялық Еврей конгресінің президенті Михаил Мирилашвили, Германия экономикасы Шығыс комитеті президиумының мүшесі Манфред Грундке, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Майкл Хармс және басқалар жолдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға