Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары айтылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары айтылды
Фото: t.me/aqorda_resmi 12.02.2024 12:32 545

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға