Қасым-Жомарт Тоқаевты Ашхабад әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
10.10.2024 11:31
1150
Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
Айта кетейік, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Денис Теннің өлімі: қылмыскерлердің жазасы өзгеріссіз қалды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді