Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
03.01.2023 17:32
1295
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.
Бөлісу:
