Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
19.08.2024 11:10
659
22-23 тамыз күндері Қазақстан президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада екі автобустың жүру бағыты өзгерді