Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барды

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
14.09.2023 12:26
947
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Бөлісу:
