Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты
Фото: Ақорда 11.04.2025 12:00 378

Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға