Қасым-Жомарт Тоқаев Шандор сарайына барды

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс
20.11.2024 18:02
462
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентімен кездесу үшін Шандор сарайына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қарсы алды. Бірге суретке түсу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Айта кетейік, Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақ бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жас мерейтойын атап өтті
Келесі жаңалық
Ұлттық құндылықтарға арналған байқауға 137 суретші қатысты