Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президентіне көңіл айтты
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
02.11.2024 23:16
476
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.
Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін,– деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды