Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, теракт түріктің «Anka» ұшқышсыз ұшқыштары жасалып, «F-16» ұшағы модернизацияланатын «Tusaş» түрік әуекомпаниясы ғимаратының кіреберісінде болған. 3 адам қаза тапты. Олардың арасында бақылау-өткізу бекетінде отырған күзетші бар.