Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі оқиғаға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
23.03.2024 12:05
687
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі "Круиз Сити Холл" концерт залында болған лаңкестік әрекетке байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді, делінген мәліметте.
Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында қаруланған белгісіз топ атыс ұйымдастырып, теракт болды.
Оқи отырыңыз:
- Мәскеудегі лаңкестік оқиғасы бойынша 2 адам ұсталды
- Мәскеудегі теракт: Қаза тапқандар саны 83-ке жетті, оның үшеуі балалар
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты