Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
31.08.2023 10:06
1320
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бішкектегі «Барселона» аңыздарымен матч. Сарапшылар не дейді?
Келесі жаңалық
«Электр энергиясы – өміріміздің ажырамас бөлігі»