Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
11.11.2024 12:05
459
Мемлекет басшысы Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті