Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрімен сөйлесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21.11.2022 20:55
1102
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде су басу қаупін азайту жұмыстары күшейтілмек