Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке жаңа тапсырмалар жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке жаңа тапсырмалар жүктеді
Фото: primeminister.kz 01.03.2024 12:46 772

Жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов Ақордаға барды. Ол президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.

Сонымен қатар президентке заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға