Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекеттің қуаты – халықта

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекеттің қуаты – халықта
Фото: Ақорда 27.06.2024 13:17 895

«Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер, аңыздағы қаһармандар емес, қарапайым еңбеккерлер мен адал азаматтар құрады». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы осындай адамдарды жан-жақты насихаттау қажеттігін де тілге тиек етті.

Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта. Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған. Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген. Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға