Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
![Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты](/storage/storage/element/2024/06/04/mainphoto/106553/1200xauto_kMfehigtWSrwb61f8g1M6ck2HO4D0ILyGXKsoggd.jpg)
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
04.06.2024 11:53
302
Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатыстыі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
![Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты ✔️](https://web.telegram.org/a/blank.8dd283bceccca95a48d8.png)
Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін, – деді Президент.
![Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты ✔️](https://web.telegram.org/a/blank.8dd283bceccca95a48d8.png)
Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Домбыраның құрметіне орнатылған 10 ескерткіш