Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
19.11.2024 23:05
670
Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт әуежайында Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан жыл басынан бері 57,8 млн тонна мұнай тасымалдады
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті