Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
16.07.2023 20:00
1177
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Антикор жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттар енгізбек