Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентіне көңіл айтты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21.12.2024 16:34
682
Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.
Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алматыда алаяқтық жасаған адвокат сотталды