Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда 03.10.2024 15:32 84

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға