Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президентімен кездесу өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
22.10.2022 19:26
2271
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ТЖМ қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды