Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
21.04.2024 18:28
872
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Айдос Сұлтанғали Олимпиада лицензиясына қол жеткізді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті