Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
06.07.2024 10:40
1312
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі басталады
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды