Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21.09.2024 11:01
807
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент өз құттықтау жеделхатында премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысындағы колонияда тұтқындар бүлік шығарды
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды