Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир халқын құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
01.11.2024 12:31
794
Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.
Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті