Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы уақытта сүт өнімдерін шығаратын 115 ферма салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы уақытта сүт өнімдерін шығаратын 115 ферма салынады
Фото: Akorda.kz 12.12.2023 11:15 1289

Бұл туралы мемлекет басшысы «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанатында тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Тағы бір маңызды міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үш жылда агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет бизнес өкілдерімен бірлесіп атқаруы тиіс. Осы саланың импортқа тәуелділігін азайту үшін ірі инвестициялық жобалар қолға алынып жатыр. Алдағы уақытта сүт өнімдерін шығаратын 115 ферма салынады. Олар жыл сайын 600 мың тоннаға дейін өнім беретін болады. Сондай-ақ 15 ірі құс фабрикасы іске қосылады. Бұл кәсіпорындар жылына 120 мың тонна ет өндіреді. Мұның бәрі жалаң цифр емес, бұл – нақты міндеттер», – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент әрбір ірі жоба ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер ету қажеттігін айтты.

Аймақтарды дамытуға мол мүмкіндік береді. Мен бұл мәселеге әрдайым баса мән беретінімді білесіздер, – деді президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға