Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада Италия және Сингапур басшыларымен кездеседі

Алдағы артада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі мен Сингапур президетімен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.
Сонымен бірге, дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.
