Қаскөй теміртаулық тұрғыннан 2 млн теңге бопсалаған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
17.08.2023 09:11
1013
Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады, - делінген полиция мәліметінде.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.
Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 62 мектеп жөндеуден өтті
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті