Қаскелеңде әйелдер арасында жаппай төбелес болды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
25.07.2023 13:19
1724
Қаскелеңде әйелдер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысында әйелдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде жарияланды.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2023 жылы 24 шілде күні Қаскелең қаласында орын алған.
Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілді, олардан жауап алынып жатыр, - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда оқиғаның мән жайын анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сатирик: Сатира тоқалдан туған бала сияқты