Ислам әлемі үшін он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал сәуір айының 5-інен 6-сына қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.
Ораза тұту - игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.
Оразаға ниет: «Алла Тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Өзге қалалардағы Ораза кестесімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыз.