Жаңалықтар

Қашып құтыла алмайтындарыңызды білген соң, қуып қорқытпақшысыздар ма? - Ринат Зайытов

Қашып құтыла алмайтындарыңызды білген соң, қуып қорқытпақшысыздар ма? - Ринат Зайытов
Фото: Данияр Қадыров / Ринат Зайытов 16.01.2024 16:34 1479

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ақпаратқа қол жеткізу мәселесіндегі заң жобасына қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігін сынға алды, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаттары ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша заң жобасын талқылап жатыр.

Софы Сматаевта жақсы сөз бар: «Ақылдыны билегің келсе, ақымаққа қамшы беріп қой» деген. Сіздердің мына заңдарыңыз қашып құтыла алмайтындарыңызды білгеннен соң, қуып қорқытпақшысыздар ма деп ойлап отырмын. Қазіргі сегізінші шақырылымның белсенділігіне қарай, өткенде мұны премьер-министрдің өзі де айтты, «Парламент тым көп алады өзіне» деп. Бұл Үкіметке «жұмыс істеуге» бөгет жасап отыр, халықтың игілігіне емес». Нормативті құқықтық актілерінде заң жобаларын жария талқылауды өткізу дейді де, (Үкімет қорытындысын ескере отырып) деп жазып қойыпты. Үкімет қорытындысын ескеретін болсақ, қалғанының не қажеті бар? Ақыры қорытындыны Үкімет беретін болса, - деді мәжілісмен.  

Ринат Зайытов «депутаттық бастамалардың бизнеске әсерін бағалау» нормасына тоқтала кетті.

«Депутаттық бастамалардың бизнеске әсерін бағалау» дейді. Депутаттар бизнеске сонда теріс әсер ете ма? Мәжілістегі 98 депутаттың жартысынан көбі бизнестің «жілігін шағып, майын ішкен» жандар. Бизнеске әсерді осы жерде талқылайық. Бизнеске теріс әсер етіп жатқан «Жайлы мектеп» жобасының ақшасын әлі бермей жүрген «Самұрық Қазына» мен шағын, орта және үлкен бизнестің ақшасын жырып алғаннан басқа дым бітірмеген «Атамекен» шығар, Парламент емес. Осы жағын ескерсеңіздер, - деді Зайытов.

Депутат заң жобасындағы ашықтық мәселесін көтерді.

Ашықтыққа келетін болсақ, онда ең бірінші ашықтықты қазіргі сотталып жатқан қоғам белсенділерінің сотынан, күмәнді сот процесстерінен, Үкіметте істелініп жатқан өзгерістерден, сосын облыс әкімдерінің айына жоқ дегенде осы жерде бір есеп беруінен бастайықшы. Осы ашықтық бәлкім сол қоғамға жақсы әсер ететін шығар. Сонымен қатар, қазір Қазақстанда жаңа қоғам құрамыз, дұрысталамыз деп жатқан кезде өзара тартысып, бір-бірімізге мінез көрсететін заңдар күлкілі деп ойлаймын, - деді депутат.  

Бұған дейін мәжіліс депутаты Абзал Құспан «Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша» заң жобасындағы қайшылықтарды атады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға