Қаржы саласында тәртіп орнату керек – Сенат төрағасы
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
16.03.2023 14:24
781
Соңғы 5 жылда бюджет кірісі трансферттерді есептемегенде шамамен 66%-ға өсіп, шығындар 120%-ға ұлғайған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған проблеманы шешу үшін министрлерді қаржы саласында тәртіп сақтауға және қаражатты үнемдеуге шақырды.
«Қазір Ұлттық қордың қаржысы азаюда. Соңғы 8 жылда Қордың қаражаты 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін төмендеген. Ал, біздің алдымызда оны 100 миллиард долларға дейін ұлғайту міндеті тұр.Сондықтан Ұлттық қордың активтерін ұлғайту қажет. Соған байланысты одан түсетін табыс балаларға көбірек бағытталады», – деді Мәулен Әшімбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды