Жаңалықтар

Қаржы пирамидасын құрған адамның анасы қараусыз қалды

Қаржы пирамидасын құрған адамның анасы қараусыз қалды
Фото: Instagram/ruslan_burkanov 18.01.2024 15:51 2218

Mudarabah Capital компаниясының бас директоры Руслан Буркановтың анасы қарттар үйіне түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 2021 жылы қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тұтқындалды.

Руслан Бурканов – анасының жалғыз ұлы. Қазір анасы мемлекет қамқорлығында, яғни қарттар үйінде тұрады. Себебі зардап шеккендердің шығынын өтеу үшін қорғаушым пәтерін сатуға мәжбүр болды, - деді Буркановтың адвокаты Анар Катебаева. 

Салымшылар мен компания арасында делдал болған Руслан Astex-ке 160 адамды әкелгенін айтқан. Сондай-ақ аталмыш қаржы пирамидасының ісі бойынша танымал вайнерлер Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев 5 жылға сотталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға