Қаржы пирамидалары жыл басынан бері 20 млрд теңгеден аса шығын келтірген
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев
09.12.2024 11:57
388
Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығын келтірген қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталған.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған. Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды, - делінген мәліметте.
Осы орайда ҚМА жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы ескертті:
- тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
- жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту;
- интернетте белсенді жарнама жасау;
- компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі;
- заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы);
- салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада полиция алаяқты ұстады