Қарызынан құтылу үшін бүйрегін сатпақ болған азамат ұсталды
Фото: © iStock
Фото: © iStock
31.01.2024 15:48
1255
Бүйрегін сатпақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, интернет арқылы сатуға тырысқан. Әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен жасырын түрде байланысқа шықты.
Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, трансплантация жасап, ақша қаражатын беру үшін онымен келісім жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері келісілген ақшаны табыстау кезінде күдіктіні ұстады.
Тергеу барысында ер адам қарыздарының көбейіп кеткендігінен осындай шешім қабылдағанын айтты. Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды