Жаңалықтар

«Қарызы түбіне жетті». Арман Дүйсеновтің ұлының неге суицид жасағаны белгілі болды

«Қарызы түбіне жетті». Арман Дүйсеновтің ұлының неге суицид жасағаны белгілі болды
Фото: instagram.com 03.03.2025 15:48 892

Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі туралы жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Orda.kz сайты Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі жайлы жазды.

2024 жылдың 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған. Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.

Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Қайғылы оқиғадан бұрын оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан. Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан. Іс бойынша үш сараптама жүргізілген. Олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға