Қарулы қақтығыс: Суданнан 800 мыңнан астам адам кетуі мүмкін
Фото: ©AP/Smowal ABDALLA
Фото: ©AP/Smowal ABDALLA
02.05.2023 04:05
1161
Қарулы қақтығыс салдарынан Суданнан 800 мыңнан астам адам кетуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының басшысы Филиппо Гранди мәлімдеді.
БҰҰ Судандағы әскери қақтығыс салдарынан 800 мыңнан астам адамның көрші елдерге қашып кетуіне дайындалуда, - деп жазды ол Twitter-де.
Соңғы мәліметтер бойынша, Судандағы қарулы қақтығыстар басталғалы қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 459-ға дейін жетті.
Бұған дейін Суданнан қазақстандықтар эвакуацияланып жатқанын хабарлағанбыз. ҚР азаматтарының нақты санын анықтау және оларға Суданнан эвакуациялауға жәрдем көрсету үшін елшілік жанынан жедел желі ашылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға